«Қауіпсіздік 2026» салалық конференциясы: жедел дайындық және даму перспективалары

12.10.2026

«Қауіпсіздік 2026» салалық конференциясы: жедел дайындық және даму перспективалары

2026 жылғы 20 қазанда Астанада «Қауіпсіздік 2026» салалық конференциясы өтеді. Ұйымдастырушы — «Қазақстан Республикасы авариялық-құтқару қызметтерінің ассоциациясы» ЗТБ.

Sheraton Astana Hotel, Сығанақ көшесі, 60/1. Тіркеу — 09:30, конференция басталады — 10:00.

Астанада мемлекеттік органдардың, авариялық-құтқару қызметтерінің, өнеркәсіп кәсіпорындары мен жер қойнауын пайдаланушылардың өкілдері қатысатын салалық диалог өтеді. Қатысушылар қызметтердің жедел дайындығын талқылап, тәжірибе алмасады және саланы дамыту жөніндегі ұсыныстарды қарастырады.

Негізгі тақырыптар: құқықтық реттеу, қызметті цифрландыру, техникалық жарақтандыру.

Бағдарламада сондай-ақ: жеткізушілердің шешімдері және Қазақстан Республикасы ТЖМ мен Ассоциацияның марапаттарын салтанатты табыстау рәсімі.

Қатысу мәселелері бойынша: kazspass.kz@gmail.com



«АССОЦИАЦИЯ АВАРИЙНО-СПАСАТЕЛЬНЫХ СЛУЖБ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»
Все права защищены